А-16 “Жезқазған-Петропавл” тас жолының жол учаскесін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.
2024 жылғы 27 сәуірде “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сырым Хамзин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, А-16 “Жезқазған-Петропавл” тас жолының су шайып кеткен жол учаскесінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып қайтты.
Филиал мамандары инертті материалдарды төсеп, жолды қалыпқа келтіру жұмыстарын атқаруда.