Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

511
Фотосурет: ҚР ҚМ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы, Наурызбай ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Наурызбай және Әуезов аудандары әкімдігінің өкілдері соғыс ардагерлері Егор Степанович Долидуда мен Леонид Никитович Подколзинді құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге қосқан табандылығы мен зор үлесі үшін алғыс айтты. Іс-шараға қатысушылар ардагерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар беріп, оларға ұзақ өмір тіледі.

– Біз үшін сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын кезеңді бастан кешкен ардагерлер батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болып табылады. Уақыт өте келе Отан батырлары алдындағы қазіргі қоғамның парызы олардың батылдық пен даңққа толы тарихын білу және оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, – деп атап өтті генерал-майор Қайрат Дәуітов.

Соғыс жылдарында Егор Степанович Долидуда 184-ші атқыштар дивизиясы 297-ші атқыштар полкінің құрамында атқыш-пулеметші болды. Ол Украина майданында шайқасып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстан кейін Ішкі істер министрлігінде және әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеді. Егор Долидуда 1983 жылы майор шенімен отставкаға шықты.

Леонид Никитович Подколзин 2-ші Беларусь майданында 101-ші Рокоссов Гвардия полкінің құрамында соғысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Әскерилер ардагерлердің үйлеріне барды. Әскери оркестрдің үніне құрмет ретінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары салтанатты маршмен өтіп, майдангерлерге құрмет көрсетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -