Алматыда әскери музыканттар ардагерлердің құрметіне соғыс жылдарындағы әуендерді орындады

428
Фотосурет: ҚР ҚМ

Алматы қаласы Медеу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иван Бегуновты, Василий Долбняны, Шәңгерей Жәнібековті және Виктор Изюмниковты Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оларға соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтып, алғыс хаттар мен сыйлық табыс етті. 

Ардагердің әрқайсысы Жеңіске өз үлестерін қосты. 1925 жылы туған Иван Матвеевич Бегунов Украина майданында 228 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында пулеметші болып қызмет етті. Ерлігімен қаһармандығы үшін ол Қызыл Ту орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Алматы облысының тумасы Василий Иванович Долбня 1927 жылы туған. Қиыр Шығыста және Приморск өлкесінде қызмет еткен. Оның әскери еңбегі Отан соғысы орденімен, "Соғыс ардагері" белгісімен және басқа да наградалармен марапатталған.

1924 жылы туған Шәңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков Брянск және 2-ші Украин майдандарында, сондай-ақ Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрия аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысты. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін"  медалімен және өзге де наградалармен марапатталған.

Виктор Карпович Изюмников 1924 жылы туған. Венгрия, Австрияда, Чехословакия шекарасындағы ұрыстарға қатысқан. Майдангердің жауынгерлік жолы II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және басқа да наградалармен атап өтілді. Олар тұратын аулаларда Қарулы күштер мен әскери жоғары оқу орындарының Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалы оркестрлерінің музыканттары тыңдаушылардың жүрегінде ерекше сезіммен жаңғырған соғыс жылдарындағы әуендерді орындады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -