Саран қаласында Курьянов атындағы мектеп жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы ашылды

385
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

№ 2 Саран жалпы білім беретін мектебінде Курьянов атындағы жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы қайта жаңғыртылып, көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экспозициялық қор 900-ден астам ордендер мен медальдардан, соғыс жылдарындағы хаттардан, қалада тұратын және шақырылған ҰОС ардагерлерінің жеке заттарынан тұрады.

Мұражайда өткен ғасырдың 30–40 жылдарындағы тұрғын үй-жайлардың фотоаймақтары да бар. 

Экспозицияның он бөлімі әр тарихи онжылдықтың немесе оқиғаның желісін көрсетеді.

Школьный музей сохранил для молодого поколения биографии людей, внёсших весомый вклад в историю города.

Мектеп мұражайы жас ұрпақ үшін қала тарихына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірбаянын сақтап қалған.

– Мұражайға қаламыздың еңбек сіңірген ардагерлері Михаил Степанович пен Анна Михайловна Курьяновтардың есімдері берілген. Ол 2012 жылы ашылды, ал биыл біз оны жаңарттық. Оның ашылуы 7 және 9 мамырға, сондай-ақ қаламыздың 70 жылдығына орайластырылды. Осы жылдар ішінде мұражай барлық экспозицияларды жасаған оқушыларға патриоттық, рухани-адамгершілік және азаматтық тәрбие беру орталығына айналды, – дейді мұражай басшысы Илья Карпов. – Әр экспозиция, мұражайдың әр бұрышы зор сүйіспеншілікпен жасалған, ең бастысы – өз тарихы бар. Біз оған ардагерлердің ұрпақтары берген жеке заттарын жинадық. Қаламыздың тұрғындары әлі де түрлі қызықты экспонаттарды сыйға тартуды жалғастырып жатыр, біз оған өте қуаныштымыз.

Экспозицияның тұсаукесері патриоттық лента таратумен 

және мектеп аумағына жасыл желек егумен аяқталды. Айта кету керек, бұл мерейтойлық, бесінші ағаш егу.

Михаил Степанович Курьянов - ҰОС қатысушысы, білім беру жүйесінің ардагері. 1962 жылдан 1964 жылға дейін Саранның № 2 жалпы білім беретін мектептің директоры болды.

Анна Михайловна Курьянова – Саран қаласының Құрметті азаматы, тыл еңбеккері, Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі. Жиырма жылдан астам уақыт бойы Анна Михайловна Саран Ардагерлер кеңесін басқарды, педагогикалық қызметі басталған № 2 мектеп базасында жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайын құрудың бастамашысы болған.

 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -