Әуе оқиғаларын тергеу: Қазақстан мен Франция ынтымақтастықты нығайтуда

253
Фотосурет: Көлік министрлігі

2024 жылғы 25 сәуірде Парижде ҚР Көлік министрлігі мен Францияның азаматтық авиация қауіпсіздігін тергеу және талдау бюросы (BЕА) арасында авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған құжат Қазақстан мен Франция арасындағы авиациялық оқиғаларды тексеру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған әрі оқыс оқиғаларды неғұрлым тиімді және кешенді тексеруді, талдауды және оларға ден қоюды қамтамасыз етеді.

Тараптар өзара ақпарат алмасуға, тәжірибе мен озық тәжірибелерді беруге, сондай-ақ авиациялық оқиғалардың жүйесі мен мониторингін жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Ынтымақтастық авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жүйесін жетілдіруге бағытталған, ұшу және жолаушылар қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Сапар барысында Қазақстаннан келген делегация Францияның азаматтық авиация қауіпсіздігін тексеру және талдау Бюросының жанындағы техникалық зертханада болып қайтты. Қазақстандық делегацияның назарына ұшу деректерінің шифрын ашу және талдау процесі, деректерді сақтаудың әртүрлі құрылғылары, объективті бақылау құралдарынан ақпаратты зерттеу және қалпына келтіру жөніндегі жаңа жабдықтар ұсынылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -