Қазақстан мен Египет әуе рейстерінің санын аптасына 48 ға дейін арттырды

1353
Фотосурет: DKNews

Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы "EgyptAir", "EgyprAir Cargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "Red Sea" және "Nile Air" тағайындады. 

Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдер бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -