Swiss Queens Wednesday: Бибісара Асаубаева беделді шахмат турнирінде жеңіске жетті

372
Фотосурет: t.me/sport_comiteti

Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

  • Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)
  • Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)
  • Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар) 
  • Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)
  • Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -