Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуда

569
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Әзербайжанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әзербайжан Республикасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бірқатар кездесулер өткізіп, қорғаныс ведомствосының қызметімен танысты.

Бакуде қазақстандық делегация "Шейіттер аллеясы" мемориалдық кешеніне барды. Құрмет аллеясында әскери қызметшілер Әзербайжанның ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабіріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Гасановпен және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – АР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиевпен кездесті.

Қонақтарды қарсы алған генерал-полковник З. Гасанов достық, бауырластық қатынастарға негізделген әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, жолға қойылған байланыстарды кеңейту қажеттігін мәлімдеді.

Өз кезегінде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов те жылы қабылдағаны және қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді. Ол мұндай кездесулердің екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тараптар әскери, әскери-техникалық, әскери білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан делегациясы Қазақстандағы Әзербайжан Қарулы күштерінің әскери атташесі полковник Заур Керімовке "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" медалін табыс етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -