Атаулы күнге арналаған футбол жарысы

1410
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Әскери полиция органдарының құрылғанына 27 жыл толуына және Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың биыл 100 жыл толуына орай Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің ұйымдастыруымен гарнизондағы әскери бөлімдер мен күштік құрылымдар  арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шарада Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник  Алимжан Еримбетов жеке құрамды мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мерекелік күнге жоспарланған футбол ойыны «Оңтүстік» әскери қалашығындағы спорт кешенінде өтті.

Мұндай спорттық жарыс жеке құрамның дене шынықтыру деңгейін арттыру мен әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар.

Аталмыш жарысқа жалпы он төрт команда қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша бағы мен баптары келісіп, мықтылықтарын дәлелдеген Аягөз ауданы ішкі істер бөлімінің (Dinamo) командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды 10810 әскери бөлімінің командасы еншіледі. Ал, жүлделі үшінші орынды әскери полиция бөлімінің командасы қанағат тұтты.

Сонымен қатар, жарыстың «Үздік қақпашысы» болып 101810 әскери бөлімінен келген Мерген Амирбаев атанса, әскери полиция бөлімінің кіші сержанты Алинур Жунусбеков «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.  Ал, қатысушылар арасында топ жарып «Үздік ойыншы» номинациясын аудандық ішкі істер бөлімінің намысын қорғаған Айдын Мустахимов жеңіп алды. Жарыста  қарсылас қақпасынан сан мәрте саңылау таба білген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметшісі Руслан Жексембек «Үздік сұрмерген» иегері болып, көрермен көзайымына айналды.

Тартысты доданың жеңімпаз командасына бөлім командирінің кубогы табысталып, жүлделі орын алған және үздік ойыншыларға медальдар мен мақтау қағаздары  және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -