Ұландықтар Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмекті күтіп алды

356
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері Қырғызстан елінен Ақтау қаласынан келген гуманитарлық көмекті күтіп алуға атсалысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап өтер болсақ, қазіргі таңда еліміздің бірнеше аумағында туындаған төтенше жағдайға байланысты, көптеген елді мекен тұрғындары үйлерінен эвакуациялануда.

Осы орайда 18 сәуір күні Атырау облысынан Ақтау қаласына эвакуацияланған тұрғындарға арнап көршілес Қырғызстан елінен гуманитарлық көмек келген болатын.

Аталмыш көмекті күтіп, халыққа тарату жұмысын Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің 30 дан астам әскери қызметшісі атқарды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -