Ғылым министрлігі шетелдік азаматтарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға шақырады

497
Фотосурет: freepik

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын бакалавриат, магистратура мен PhD білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Грант саны:

  • Бакалавриат – 490
  • Магистратура – 50
  • PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаға кім өтініш бере алады:

  • Шетел азаматтары
  • Шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

Стипендия қамтиды:

  • тегін білім беру
  • ай сайынғы стипендия

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

  • 2024 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

Стипендиялық бағдарламаға қалай өтініш беруге болады:

Онлайн Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының веб-сайты арқылы

Өтініш беруші қандай құжаттарды ұсынады?

Құжаттар тізімін мына жерден табуға болады

Құжаттарды қабылдау тәртібі қандай

1. құжаттарды Оператордың сайты арқылы тапсыру;

2. Оператордың құжаттарды тексеруі. Құжаттар барлық талаптарға сай болған жағдайда, өтініш беруші көрсеткен поштаға онлайн тестілеуге сілтеме жіберіледі;

3. бейімделу потенциалын анықтау үшін онлайн тестілеу. Онлайн тестілеуден сәтті өткендер онлайн сұхбатқа шақыру хатын алады;

4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оператордың және жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн сұхбат;

5. ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін Стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау.

Барлық сұрақтар бойынша:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -