Құтқарушылар туристерге көмекке келді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Түркістан облысының Қасқасу ауылында екі ер адам мен әйел теңіз деңгейінен 2800 км биіктікке көтеріліп, өз бетінше түсе алмады. Құтқарушылар оларға жедел көмекке келіп, шыңға көтеріліп, туристерге түсуге көмектесті. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.