"Welcome to Kazakhstan": Прагада туристік бизнес-семинар өтті

382
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінде Қазақстанға келу туризмін ілгерілетуге арналған бизнес-семинар өтті. Іс-шараға жергілікті тұтынушыға Қазақстан бағытын ұсынуға мүдделі Чех туристік агенттіктерінің қауымдастығы мен чех туристік фирмалары қатысты. Қазақстан тарапынан «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және Қазақстанда өз қызметтерін ұсынатын туристік компаниялар қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бизнес-семинар қатысушыларына Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев сөз сөйледі. Ол Қазақстанның чех туристік нарығы үшін жаңа бағыт ретіндегі келешегін атап өтті, қатысушыларды ҚР Үкіметінің туризм индустриясын дамыту жөніндегі күш-жігерімен таныстырды және чех туроператорларын елге жеке келуге шақырды.

Гибридті форматта өткен іс-шара аясында «Kazakh Tourism» чех тарапының назарына Қазақстанның туристік әлеуеті туралы презентация ұсынды. «SCAT» әуекомпаниясы а.ж. 22 мамырдан бастап аптасына екі рет жиілікпен ұшатын Астана-Прага тікелей рейсінің қайта басталғаны туралы, сондай-ақ әуекомпанияның топтық сапарларға арналған арнайы ұсыныстары туралы хабардар етті. Қазақстандық туроператорлар өздерінің мүмкіндіктері мен чех туристеріне ұсына алатын бағдарламалардың кең ауқымы туралы айтып берді.

Таныстырылым бөлігінің соңында қазақстандық қатысушылар жергілікті туристік агенттіктерді қызықтыратын бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара Чехияның туристік саласы өкілдерінің қызығушылығын тудырып, Қазақстанның айтарлықтай туристік әлеуеті бар екенін көрсетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -