Алматы облысы 2020 жылды Газдандыру жылы деп жариялады

653



Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде 2020 жыл Газдандыру жылы деп жарияланғанын айтты. Қазіргі уақытта аймақтағы 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4 процентті құрап отыр. Бұл туралы Амандық Баталовтың белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Халық алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, Талдықорған қаласы ішіндегі желілердің құрылысы аяқталып қалды, қазір табиғи газ желісіне 9 мыңнан астам абонент қосылған. Текелі қаласына дейінгі газ құбыры, Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас автоматтандырылған газ тарату стансалары салынды. 

На изображении может находиться: огонь

Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде кентішілік желілердің құрылысы басталады. "Талдықорған - Үшарал" және Райымбек аудандарын қамти отырып "Шелек-Кеген" магистралды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде. Барлығы 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекен қамтылады. Нәтижесінде, 1,2 млн. адам немесе тұрғындардың  54 проценті көгілдір отынға қол жеткізеді. 

- Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тартамыз. Өткен жылы жалпы инвестиция көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 млрд. теңгесі – жекеменшік қаражат, яғни 1 теңге бюджет қаражатына 4 теңге жеке қаржыдан келеді. Мен өңірлерге барған кезде адамдар газға қосылу құнының қымбаттығына шағымданды. Аудан әкімдері инвесторларды тарту жұмысын баяу жүргізуде. Инвесторларды көбірек тарта отырып, бәсекелестік есебінен газға қосылу құнын төмендету керек. Жасаған жұмыстың нәтижесін халық көруге тиіс, - деді өз сөзінде А. Баталов. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -