Қазақстан мен Иран қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

425
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі генерал-майор Аштиани Мохаммад Реза Караимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан төрағалық ететін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы форматындағы іс-шараларға Иран Қарулы күштері өкілдерінің қатысуы жөнінде пікір алмасты.

Иран Ислам Республикасы өткен жылы ШЫҰ-ға мүшелік рәсімдерін аяқтады, сондықтан қорғаныс ведомстволары басшыларының осы кеңесінде толыққанды қатысушы ретінде әрекет ететінін айта кету керек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -