Қазақстан Ұлан-Батырдағы форумда: тұрақты даму мақсаттары және жаһандық сын-қатерлер

252
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаты Әсем Рахметова Қазақстанның делегациясы құрамында Ұлан-Батыр қаласында өткен «Орнықты даму жөніндегі Транс-Алтай диалогы. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушылар шара барысында орнықты даму мақсаттарын тиімді іске асыру, геосаяси шиеленіс, климаттың өзгеруі, инфляция, халықаралық сауда, азық-түлікпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді талқылады.

Сенат депутаты Әсем Рахметова форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның орнықты даму мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссиясының жұмысы және елімізде жүзеге асып жатқан реформалар туралы айтып берді.

Шара БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды ынталандыруға бағытталған. Форумға әлемнің 11 елінен 300-ден астам адам қатысты. Қатысушылар қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун да бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -