Кинологтар одағының бастамасымен үй жануарларына көмек ұйымдастырылды

926
Фотосурет: ҚР Кинологтар одағының баспасөз қызметі

Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан әлі де күрделі жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

ТЖ режимінде эвакуациялау кезінде үйлер мен тұрғындарды ғана емес, үй жануарларын да құтқаруға тура келді.

Қазақстан Кинологтар одағының бастамасымен су тасқынынан көп зардап шеккен өңірлерде үй жануарларына гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.

Қазақстан Кинологтар Одағының президенті Бауыржан Серікқалидің айтуынша, олар үй жануарларына арналған азық-түлік өндірушілерінің өкілдеріне апат аймағындағы мысықтар мен иттерге азық-түлік беру арқылы қолдау көрсету туралы өтініш айтқан.

«Біз үй жануарларына қатысты проблемаларға бейжай қарай алмаймыз. Орын алған оқиғаларға байланысты иттер мен мысықтар да азықсыз қалып, қатты зардап шегіп жатыр. Әсіресе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жануарлар аса ауыр жағдайда қалып отыр, оларға көмек қажет»,- деп атап өтті Б.Серікқали.

Қазіргі таңда жемнің негізгі бөлігі өңірлерге жеткізілді. Атап айтқанда, Қостанай мен Петропавлға 2 тонна құрғақ жем жөнелтілді («GRANDEZZA» ЖШС-нан (Monge), Атыраудағы «Доброе сердце» ҚҚ-ның иттерге арналған панажайына 240 кг жем мен басқа да тамақтар (Sirius, Ajo, Наш рацион брендтерімен жануарларға арналған жем ұсынатын Eximdis компаниясынан) жеткізілді. Сондай-ақ, 200 келі жем (Перфект Компанион Қазақстан компаниясынан) Оралға жөнелтілді. Астанада Sherry's Boutique үй жануарлары дүкені мұқтаж өңірлерге одан әрі бөлу үшін «Астана жастары» КММ жанындағы қалалық волонтерлар штабына 30 кг азық пен тәттілерді тапсырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -