Ақмола облысы Өрт қауіпті маусымға дайындалуда

582
Фотосурет: Gov

Ақмола облысында өрт қауіпті кезеңде 3 авиакомпаниялар кезекшілік ететін болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақмола облысында 8 сәуірден бастап өрт қауіпті кезең басталды.  «Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында «Қазавиаорманқорғау» АҚ-ның 3 авиакомпаниясы авиациялық патрульдеуді жүргізетін болады. Жер үстінде патрульдеу үшін облыс аумағында 400 адамнан тұратын 104 мобильді топ құрылды», - деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Қанат Доспаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс бойынша 107 орман және 6 дала өрті тіркелген болатын.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы айтып берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -