Астанада әскери міндеттілермен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті

426
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Аталмыш оқу-жаттығу елорданың аумақтық қорғаныс бригадасында он күндік әскери жиын аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери жиынға шақырылған офицерлік, сержанттық және қатардағы жауынгерлер құрамынан жүз адам қатысты.

– Жиын барысында әскери міндеттілер теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Жиынның соңғы кезеңі аса маңызды нысанды – «Астана Су Арнасы» МКК күзету бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы пысықталып, бөлімшелерді үйлестіруге ерекше назар аударылды, – деді елордадағы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаев.

Парламент Мәжілісінің аппаратында жұмыс істейтін запастағы лейтенант Әбірбек Саурық жиынға Есіл қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен шақырылды. 

– Әскери жиындар кезінде жауынгерлік, тактикалық, атыс, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан сабақтар өтті. Іс жүзінде қарулы шабуыл болған жағдайда «Астана Су Арнасы» кәсіпорнын қорғау жөніндегі іс-қимылдар пысықталды, – деді әскери міндетті.

Запастағы әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау теориялық білімді жаңартуға және қолда бар дағдыларды бекітуге мүмкіндік береді. Осылайша, әскери дайындалған резерв жинақталып, мамандардың құзыреті жетілдіріледі. Бұл ретте тапшы мамандықтар бойынша кадрларды толықтыруға баса назар аударылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -