Кедендік бақылаудағы инновациялар: e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы декларация

231
Фотосурет: freepik.com / senivpetrosenivpetro

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Темір-баба» кеден бекеті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын жеке пайдалануға арналған тауардың шекарадан өту орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен екі тәсілдің бірімен ұсынатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz:

  • декларанттың өзі;
  • кеден өкілі (егер жеке тұлғаның мүмкіндігі болмаса) ұсынады. Бұл жағдайда кеден өкілінің қызметі ақылы болып табылады (декларациялаудың күрделілігіне байланысты 3,5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін).

Жолаушылар кедендік декларациясын беру процесін жеңілдету мақсатында қазіргі уақытта e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында модуль әзірленді, ол арқылы жеке тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан, үйден шықпай-ақ жолаушылар кедендік декларациясын смартфон арқылы бере алады.

Мобильді қосымшада әзірленген модуль халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тасымалданатын және экспресс-тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған.

Жолаушылар кедендік декларациясын беру үшін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын жүктеп алып, мобильді құрылғыңызда бұлтты ЭЦҚ болуы қажет. Негізгі мәзірден «Декларацияны тапсыру» тармағын таңдап, «Декларацияны тапсыру» батырмасын басу арқылы «Жолаушылар кедендік декларациясы» декларациясының түрін таңдау қажет.

Бұл сервис жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін жеделдету және оңайлату есебінен жеке тұлғалардың уақытша және ақшалай шығыстарын қысқартады.

Болашақта кез келген тәсілмен, оның ішінде тауарларға арналған декларацияны қолдана отырып, жеткізілетін тауарлардың барлық түрлерін декларациялауды пысықтау жоспарлануда.

Алдағы уақытта бұл сервисті екінші деңгейлі банктер (Халық Банкі АҚ, Kaspi Bank АҚ және т.б.) мобильді қосымшаларында енгізу жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -