"Astana MUSICAL" театры "Салем"фестивалінде үздік атанды

1433
Фотосурет: ҚР МАМ баспасөз қызметі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры сахналаған «№13» спектаклі Халықаралық II «Сәлем» комедиялық театр фестивалінде «Үздік комедиялық спектакль» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналды.

«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары,одан бөлек Әзірбайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты.
«ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсыып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

«ASTANA MUSICAL» ұжымын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -