Арматура өндірісі: бағалар қатаң бақылауда

172
Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары  Тұрар Жолмағамбатовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және еліміздің арматура шығаратын кәсіпорын басшыларымен жиналыс өтті.

Жиналыста су тасқынанан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына Отандық кәсіпорындардың аймақтарда өнімдерін пайдалану бойынша мәселе көтеріліп, кәсіпорындардың өнім түрінің сапасы мен көлемін арттыруды тапсырды және елде орын алған жағдайға байланысты баға саясатын тұрақты ұстап тұру бойынша баса айтылды.

Бүгінгі таңда елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды. Кәсіпорындардың жалпы жылдық қуаттылығы – 1932 мың тонн. 2023 жылы жалпы 924 мың тонна өнім өндірілген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша арматура экспорты 285 мың тоннаны, импорт – 738 мың тоннаны құрады. Құрылыс арматурасының ішкі нарығының көлемі 1 377 мың тоннаға бағаланады.

Сонымен қатар елден қара металл сынықтары экспортына шектеу салынған. Сәйкесінше арматура өндірісіне қажетті шикізат жеткілікті. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -