Қазақстан: халық үндестігі

269
Фотосурет: "Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы"РММ

ҚР Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тақырыптық көрме ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2024 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан: халық үндестігі» уақытша тақырыптық қор көрмесі ұсынылып отыр.

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.  

Көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болатын даңғыл жолды бастап келеді.

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  астам  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

Ашылған көрменің басты мақсаты Президенттік орталықтың музейлік экспонаттары арқылы тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық келісім, мәдениетаралық диалогтың қазақстандық үлгісінің жетістіктерін көрсету болып табылады.

Көрмеде ұсынылған бірегей заттар Қазақстан Республикасының түрлі этностарының тарихи өзара қарым-қатынастарын, олардың ынтымақтастығы мен мәдени қалыптасуын ашады.

Тәжік қабырға кілемі – сюзане, түрікмен ұлттық папахасы немесе гүлдермен кестеленген орыс халық рушнигі секілді экспонаттар арқылы келушілер түрікмен, өзбек, әзірбайжан, беларусь, орыс, корей және басқа халықтардың ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кілем тарихымен жақынырақ таныса алады.

Барлығы көрмеде Президенттік орталықтың киімдер, кілем және киіз, жұмсақ инвентарь, кәдесыйлық бұйымдар, ыдыс-аяқ, бейнелеу өнерінің туындылары және материалдық мәдениет заттары топтамаларынан 200-ден астам музейлік құндылықтары ұсынылған.

Әр этностың еліміздің дамуына қосқан үлесі – бұл өз жерінің дамуына қосқан үлесі.

Көрме 2024 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -