Астанада 40 жаңа автобус іске қосылды

179
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қызмет көрсету үшін елорда көшелеріне 18 метрлік жаңа 40 автобус шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін CTS баспасөз қызметі наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылатыны туралы хабарлаған болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Осы 40 автобус дайын болды және олар № 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус № 44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус № 7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар № 9 және № 10 бағдарларына бөлінді», - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -