"Таза Қазақстан": Қарқаралының 80 жастағы тұрғыны сенбілікке қатысады

190
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарқаралы ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұлттық саябақта сенбілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған табиғи қорықтың қызметкерлері, еріктілер мен қала тазалығына бей-жай қарамайтын белсенді тұрғындар қатысты.

Табиғи паркте жалпы халықтың күш-жігермен 20 мың шаршы метрден астам аумақтан қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ сенбілік Қарқаралы аудандық орталық ауруханасының аумағында және қала көшелерінде өтті. Қатысушылар шамамен 5 мың шаршы метр аумақты тазалады.

– Біз әрдайым экологиялық акцияларды қолдаймыз. Жасым сексеннен асса да, осындай сенбіліктерге қатысамын. Ұрпақтарымызға таза және көркем табиғат қалдыру – біздің үлкен міндетіміз. Жеріміз құнарлы болып, еліміз өркендесін! – деді денсаулық саласының ардагері Серік Жекеев.

Экоакция басталғаннан бері (8 сәуірден бастап) Қарқаралы ауданының аумағында сенбіліктерге 2 мыңға жуық адам қатысты.

Тазалық жұмыстарына 40-қа жуық техника жұмылдырылды, ҚТҚ полигондарына 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ескерткіштер мен мемориалдардың маңы абаттандырылды.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тазартылмаған аумақтар үшін бес әкімшілік хаттама жасады.

 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -