Қазақстан мен ЕО Сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің отырысын өткізді

291
Фотосурет: gov.kz

18 сәуірде Сот әділдігі мен ішкі істер жөніндегі кіші комитеттің отырысында ЕО заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған реформаларды қолдайтынын растап, тәуелсіз әрі бейтарап сот төрелігі жүйесінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы заң үстемдігі бағдарламасының жүзеге асырылу барысына шолу жасады. Заң үстемдігін қолдау 2021-2027 жылдарға арналған ЕО-тың қаржыландыру басымдықтарының бірі болып қала береді.

Тараптар азаматтар құқықтарын кеңейтуге және әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып жүргізіліп жатқан сот реформаларының нәтижелерін қарастырды. Қазақстан мен ЕО азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ЕО Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы конвенцияларына қосылу жөніндегі талпынысын назарға алды. ЕО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап өтіп,  Қазақстанды осы бағыттағы жұмысын жалғастыруға шақырды. ЕО Қазақстанның ақшаны жылыстатумен күресу жолында қолға алып жатқан шаралары мен Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) шарттарын орындау бойынша күш-жігерін құптады.

Қазақстан мен ЕО Еуропалық Одақтың Виза кодексі аясында виза беру тәртібін жеңілдету бойынша ағымдағы техникалық диалогтың қорытындыларын талқылады.

Қазақстан мен ЕО көші-қон, баспана беру және шекараны басқару, сондай-ақ адам саудасымен күрес және құрбандарға көмек көрсету мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. ЕО тарапы осы салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді. 

Тараптар ағымдағы ынтымақтастық жобаларының, соның ішінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын жобалар – «Орталық Азиядағы шекараны басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы» (БОМКА) және «Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі бағдарламасы» (CADAP) жетістіктерін қарастырды. Тараптар терроризмге қарсы күрес және зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алудағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын талқылады.

Сот әділдігі мен ішкі істер жөніндегі кіші комитеті отырысында қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мырза бастады. ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер мырза басқарды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -