"Қызылорда-Жезқазған" автожолын қайта жаңарту: құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде

288
Фотосурет: t.me/qazavtojol

Қызылорда облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 12-216 шақырымының 5 учаскесінде қарқынды түрде  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі уақытта жер төсемін және жол жабынының қабаттарын төсеу жұмыстары екпінді түрде жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асыру үшін 420 бірлік техника және 748 маман жұмылдырылды, оның ішінде 695-і жергілікті халық.

«Қайта жаңару жұмыстары жүріп жатқан учаскелердің жалпы ұзыңдығы 192 шақырымды құрайды, оның 80 шақырымына 2023 жылы асфальтбетон жабыны төселді», - деді басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

Биыл асфальтбетон қоспасын төсеу жұмыстары жанданып, құрылыс маусымы басталғалы 7 шақырымнан аса жол жабыны төселді. 90 %-ға жуық темірбетон материалдары сатып алынып, 75 %-дан аса жұмыстар аяқталып (мал айдайтын, құбырлар және басқалар), 2024-2026 жылдар аралығында құрылысты аяқтау жоспарланып отыр.

Д. Иманашевтің айтуынша, «Қызылорда-Жезқазған» автожолының қайта жаңару жұмыстары өңірдің транспорттық инфрақұрылымына маңызды әсер етіп, аймақтар арасында көлік қозғалысының жақсаруына, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік дамуына, көрші елдермен тауар айналымының өсуіне септігін тигізетін болады.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолының қайта жаңару жобасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің инвестициясы есебінен жүзеге асуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -