Автономды режим: интернет желісі уақытша болмаған кезде БКМ

264
Фотосурет: Canva

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында (БКМ) техникалық ақауы болған, электр энергиясы немесе телекоммуникация желісіне қосылу болмаған жағдайда БКМ автономды жұмыс режимінде жұмыс істейтінін хабарлайды. Кассалық аппараттың автономды режимге өтуі туралы кассирге хабарлама арқылы хабарланады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Автономды режимде болған кезде БКМ автономды фискалдық белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чектерді бақылау-касса машинасы өз жадысында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ жинақтауышында сақталған деректер негізінде Z-есебін жасайды.

Автономды режимде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ БКМ 72 сағат жұмыс істей алады.

БКМ автономды режимге көшкен соң жауапты тұлға БКМ пайдалану кезінде «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чектерін беруі қажет. Тауар чектерінің кітабын мемлекеттік кірістер органдарында тіркемей толтыруға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -