» Сарыарка батыры": Кубок Азии по қазақ күресі пройдет в Караганде

249
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда 29–30 сәуірде ересектер арасында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия Кубогы өтеді. Спорт сайысы қаланың 90 жылдығына орай және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтың құрметіне орайластырылған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион белбеуі үшін жарысқа Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Үндістан және Тәжікстаннан келген мықты спортшылар қатысады. Жүлде қоры – 10 млн теңге.

Турнирдің салтанатты ашылуы 29 сәуір сағат 12-де «Жастар» спорт кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының әкімдігі.

Диханбай Биткөзов – Жаңаарқа ауданының тумасы. 1964 жылы еңбек жолын самбо және қазақ күресінен жаттықтырушы ретінде бастады. Әлемдік деңгейде жеңіске жеткен көптеген спортшыларды тәрбиеледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -