Балқашта бұрынғы перзентхана ғимаратын қайта жаңарту басталды

242
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Балқашта бұрыңғы үш қабатты перзентхана ғимаратын қалыпқа келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол жас медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй ретінде қайта құрылады.

Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталды. Бүгінгі таңда ғимараттың ескірген тұстары бұзылып, қабырғалар мен едендерге күрделі жөндеу жүргізуге дайындалып жатыр. Мұнда жас мамандарға арналған 30 пәтер болады. Бұл жұмыстар Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша Балқаштың көпсалалы ауруханасын жаңғырту және ауданаралық мәртебеге ауыстыру жобасы шеңберінде жүргізіледі.

"Ауданаралық аурухананы толық іске қосу үшін Балқашқа түрлі бейіндегі 25 дәрігерді қосымша тарту қажеттілігі бар. Облыста Қарағанды медициналық университетінің резиденттері қатарынан кадрлық резерв құрылды, сондай-ақ дәрігерлер еліміздің медициналық университеттерінің бос орындар жәрмеңкелеріне тартылатын болады, – деп хабарлады Балқаш қаласының Денсаулық сақтау бөлімі. – Мамандар тапшылығы мәселесін шешу үшін оларды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте наурыз айынан бастап мамандарды тұрғын үймен қамту мақсатында аурухана қалашығының аумағында бос тұрған үш қабатты ғимаратты күрделі жөндеу басталды".

Мамандарды тарту көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және Балқаш тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмек алу үшін облыс орталығына бару қажеттілігін жоюға бағытталған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -