Әскери полиция күнін атап өтті

340
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полиция органдарының құрылғанына 27 жыл.

Айтулы мерекеге орай Аягөз гарнизонының Әскери полиция бөлімінде  салтанатты сап алдында үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шара барысында жеке құрамға ҚР ҚК Әскери полициясының құрылу тарихы туралы баяндама оқылды. 27 жыл бұрын Қарулы Күштерде құқық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, әскери қылмыстарды тексеру үшін «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» тұңғыш президентінің жарлығымен құрылған болатын. Қысқа мерзімнің ішінде әскери полиция туралы ереже әзірленіп, бекітілді. Осыған сәйкес Қарулы Күштер құрамындағы құрылған әскери полиция органына өз міндеттері мен функциялары берілді. Атаулы күн аясында Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің басшысы подполковник Алимжан Еримбетов жеке құрамды әскери полицияның құрылған күнімен құттықтап, саланың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

- Басты мақсат - әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау болып табылады. Төл мерекемізге орай қызмет бабында ерекшеленген үздік қызметкерлерімізді марпаттап, жеке құрамды көтермеледік, - деді әскери полиция бөлімінің басшысы подполковник Алимжан Еримбетов.

 Қазіргі таңда әскери полицияның Қарулы Күштердегі орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Әскери бөлімдер атқаратын жүйелі жұмыстың нәтижесінде әскери ортада тәртіп бұзушылық айтарлықтай азайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -