«Қазақтелеком» АҚ еншілес компанияларының бірінің басшысы ауысты

260
Фотосурет: «Қазақтелеком» АҚ

Сергей Назаренко «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel ұялы операторы) Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Сергей Александрович – телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі топ-менеджер. Соңғы 16 жылда ол телекоммуникациялық компанияларда өсу стратегияларын әзірлеп, енгізу, трансформация және операциялық тиімділікті арттырумен белсенді айналысып келген. Бұған дейін ол AzerTelecom (Әзірбайжан), Caspinet BV (Нидерланды), KazTransCom, Kcell, «Қазақтелеком» компанияларында басшылық қызметтерін атқарған.

Сергей Financial Times рейтингінде көшбасшылардың бірі – INSEAD бизнес-мектебінің бизнес-әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие, Қазақ ұлттық техникалық университетінің үздік дипломы, сондай-ақ халықаралық кәсіби сертификаттары бар. 2020 жылы ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сергейге «Үздік байланысшы» атағын берді.

Сергей Назаренко эстафетаны 2021 жылдың 19 қаңтарынан бастап Tele2/Altel басқарған Сергей Коньковтан қабылдады. Бас директор лауазымында Коньков 5G технологиясын қолдану процесін жүзеге асырды, классикалық телеком-оператордан it-компанияға оператордың барлық басқару және жұмыс процестерін өзгертті. Оның басшылығымен клиенттердің тәжірибесін жақсарту, оператор желілерін дамыту және кеңейту жөніндегі бағдарламалар іске қосылды, сондай-ақ сервистердің экожүйесін құруды қоса алғанда, дамудың жаңа стратегиясы енгізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -