Су тасқынынан құтқару: Мәди Бердіғалиев және оның командасы істе

299
Фотосурет: Ақмола облысы ТЖД

Мәди есімді батыр!

Су тасқыны басталғалы бері Жарқайың ауданында 3 ауыл автомобиль қатынасынсыз қалған болатын. Құмсуат, Баранкөл және Нахимовка ауылдарының тұрғындарына 10 күннен астам уақыт бойы Державинск қаласының тұрғындары, жергілікті еріктілер, «Asar-Ume» қайырымдылық қоры және аудан әкімдігі гуманитарлық көмек көрсетуде.

Жарқайың ауданы ТЖБ аға инженері Мәди Бердіғалиев Ақмола облысының Жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге күн сайын оқшауланған кенттердің тұрғындарына гуманитарлық жүк жеткізіп отырды. Олар қазірдің өзінде қайықпен 20-дан астам рейс жасап, жергілікті тұрғындарға 10 тоннадан астам өнім тасымалдаған. Сондай-ақ Мәди Бердіғалиев бастаған құтқарушылар екі баланы шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар үш ауылмен көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта ақмолалық құтқарушылар халық игілігі үшін өз жұмыстарын жалғастырып, олардан алғыс сөздерін алуда.

Мәди Бердіғалиев батырлар біздің арамызда!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -