ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері Астана Саммитіне арналған құжаттарды талқылады

382
Фотосурет: Gov

ШЫҰ Астана Саммитіне дайындық ілгерілеуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарын дайындау барысын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған бекітілген негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ШЫҰ-ның ағымдағы қызметінің мәселелерін талқылады.

Тараптар ШЫҰ елдері көшбасшыларының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын, оның ішінде Астана декларациясын, ШЫҰ-ның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасын және ШЫҰ-ны дамыту мәселелері бойынша бірқатар стратегиялық құжаттарды егжей-тегжейлі қарады.

«Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысы ұйымның бірлігін, ШЫҰ-ны жетілдіру жөніндегі байсалды, ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысқа бірыңғай көзқарасты, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлер саласында өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құруды тағы да растайды. Саммитке дейінгі қалған күндерде барлығымыз Астанада өтетін осы тарихи кездесудің жоғары мазмұнды және ұйымдастырушылық деңгейде өтуі, оның қорытындылары ШЫҰ-ның жалпы тарихының жаңа бетін ашуы, өзара тиімді көпжақты іс-қимыл форматын неғұрлым жоғары деңгейге шығаруы үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек»  Қазақстанның Ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев 

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету басымдықтарын одан әрі іске асыру үшін тығыз диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -