Әскери батырларды құрметтейді

682
Фотосурет: Gov

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері соғыс батырларын еске алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отан қорғаушылар күнінде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлерімен бірге бірінші қорғаныс министрі Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Биыл қазақстандықтар батырдың жүз жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондықтан да осы мамыр күндері Қазақстан армиясының бірінші әскери басшысын еске алуға арналған іс-шаралар өтіп жатыр.

Одан өзге командирлер 5-ші механикаландырылған бригада аумағында орнатылған даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұл құрамасы аты аңызға айналған қолбасшының есімімен аталады.

Әскер қолбасшысын еске алу рәсімі арқылы қазақстандық офицерлердің аға буынның еңбегін бағалауға жауынгерлік құрметі, олардың жас әскери қызметшілерді тәрбиелеу үлгісіне және патриотизм сезімін оятуға берік ұстанымы көрінеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -