Қазақстан мен Иордания Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына дайындалуда

349
Фотосурет: Gov

Иорданияда екіжақты ынтымақтастықты дамыту жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Иордания корольдік сарайының әкімшілігінде Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов Король кеңсесінің директоры Джафар Хасанмен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және олардың даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысын өткізуге дайындық қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сұхбаттастар Газа секторындағы және Қызыл теңіз акваториясындағы жағдайға тоқталып, Король II Абдалланың анклавтағы атысты тез арада тоқтату туралы күш-жігерін, сондай-ақ гуманитарлық көмекті үздіксіз жеткізу жөніндегі мәселелерді қозғады.

Король кеңсесінің директоры Қазақстанның Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін және қазақстандық тараптың Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне (БАПОР) көрсеткен қолдауын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Елші екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордания Королі II Абдаллаға жолдауын табыс етті.

Әңгіме соңында Елші А. Тұматов әңгімелесушіге Иорданиядағы қазақстандық дипломатиялық өкілдік басшысының жауапты миссиясын аяқтағанын жеткізді, осыған байланысты Д. Хасан Елші А. Тұматовқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа орында табыс тіледі.

Кездесу соңында Елші А. Тұматов сұхбаттасушыға Иорданиядағы қазақстандық дипломатиялық өкілдік басшысының жауапты миссиясын аяқтағанын жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -