Қазақстан, Беларусь және Өзбекстан Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың шекарасын кеңейтуде

905
Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков «Иннопром. Орталық Азия» көрмесі аясында Белорусь Республикасы Өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Александр Огородниковпен және Өзбекстан Республикасы Өнеркәсіп, Инвестициялар және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевпен жүздесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар өңіраралық сауда экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп саласындағы әріптестікті дамыту, халықаралық инвестициялық жүйені реттеу турасында ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

Беларусь және Қазақстан кәсіпорындары қатысуымен кооперациялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Негізгі екі тақырып ауыл шаруашылығы машина жасау саласы және автомобиль жасау саласы болды.

Өзбек бизнес-қоғамдастығының қазақстандық делегация құрамымен екіжақты кездесулерге қатысуға деген ынтасы жоғары. Бұл өз кезегінде бірлескен қазақ-өзбек кәсіпорындарын, жаңа бизнес-байланыстар мен өнеркәсіпті дамыту нүктелерін құруға ниетті екенінің дәлелі.

Еске сала кетейік, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Иннопром. Орталық Азия» көрмесінің екінші күні өтуде, оған еліміздің Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен қазақстандық делегация белсене қатысуда.

Мұнда келген жұрт озық өнеркәсіптік технологиялармен және бірегей әзірлемелермен таныса алады, сондай-ақ жасыл көліктен бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған цифрлық шешімдерге, таза энергия мен отын-энергетикалық кешендегі инновацияларға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға арналған ең өзекті тақырыптарды қамтитын мамандандырылған сессияларға қатыса алады.

Өңірдегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін перспективалы бағыт болып табылатын өнеркәсіптік парктердің халықаралық инвестициялық экожүйесін құруға ерекше назар аударылуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -