Халықаралық цифрлық сауда жәрмеңкесі Индустрия көшбасшыларын жинады

342
Фотосурет: Astana Hub

Astana Hub-та халықаралық цифрлық сауда жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

19 сәуірде Astana Hub халықаралық технопаркінде Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына мүше елдер өкілдерінің қатысуымен цифрлық сауда жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қытай Халық Республикасы, Әзірбайжан, Грузия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және басқа да мемлекеттерден келген кәсіпкерлер, стартаптар мен цифрлық сауда көшбасшылары қауымдастығының басын қосты.

«Бұл сапарымыз цифрлық инновацияларды өңірлік өркендеу мақсатында пайдалануға деген ортақ ұмтылысымызды сипаттайды. Цифрлық және технологиялық салалардың өкілдері ретінде біз экономиканы дамыту мен сын-тегеуріндерді еңсеру мүмкіндіктерін зерттеп, ОАӨЭЫ өңірі аясындағы серіктестікті күшейтпекшіміз. Astana Hub-тағы бүгінгі іс-шара жарқын цифрлық болашақты құрудағы көзқарас пен бастамаларды ұштастырып, әріптестік пен даму жолын айқындайды» Арндт Хусар, Азия даму банкінің мемлекеттік басқару жөніндегі аға маманы

Жиналғандар баяндамаларды тыңдап қана қоймай, пікір алмасу алаңында технологиялық жобалармен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда,  компаниялар қатарында Forest Hero, Diagnostics at Home, i-Line.kz, Qala.AI, Tastamat, TrustMe, BTS Digital мен өзге де ұйымдар болды. Оларға өз өнімдері мен шешімдерін венчурлық капиталистер мен инвесторларға ұсынуға, іскерлік және жаңа әріптестік байланыс орнатуға жағдай жасалды.

Жәрмеңкеге қатысқан компаниялар арасында әлемдегі ең ірі сауда платформасы – Alibaba Group болды. Іс-шара барысында Alibaba өкілдері Astana Hub-тың бірнеше болашағы зор стартабымен кездесті. Осылайша, электрондық коммерцияның жаһандық экожүйесінде тоғысу және әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

Цифрлық сауда жәрмеңкесі Азия даму банкі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырылды. 80-ге жуық қатысушыны жинаған іс-шара өзара әрекеттесудің жарқын үлгісі болды. Сондай-ақ бизнесті дамытып, Орталық Азияның экономикалық әлеуетін нығайту үшін жаңа серпін берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -