Алматыда математикадан халықаралық олимпиада басталды

335
Фотосурет: Gov

Алматыда курсанттар арасында математикадан халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарында білім алатын курсанттар арасында математикадан өтіп жатқан VIII Халықаралық олимпиадаға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысуда.

Қазақстанның атынан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары шықты. Осы университеттің және Әуе қорғанысы күштері әскери институтының екі командасы конкурстан тыс қатысу үстінде. Бұл командалар үшін басты мақсат - өз күштерін сынап, зияткерлік бәсекелестік тәжірибесін алу. 

Ашылу салтанатына дейін ұйымдастырушылық-әдістемелік кеңес өтіп, оның барысында қазылар алқасы мен апелляциялық комиссияның құрамы анықталды. Төрешілер алқасында олимпиадаға қатысушы мемлекеттер командаларының басшылары, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы ғылыми-зерттеу институттарының және басқа да жоғары оқу орындарының жетекші қызметкерлері бар. 

"Олимпиада әскери кадрларды даярлау сапасын арттыру, курсанттарды ынталандыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру және оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында өткізіледі" Профессор – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы майор Нұргүл Исмағұлова 

Одан басқа ол ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындары арасында сайыскерлік пен салауатты бәсекелестік атмосферасын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Олимпиаданы марапаттау рәсімі 26 сәуірде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді. Бұл жарыс 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп жүргенін айта кетелік.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -