Бағдат Мусин және Чжан Сяо: технологиялар мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық

319
Фотосурет: Gov

Бағдат Мусин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Астана қаласында  Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті. 

Екі ел арасындағы даму, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ мен ҚХР өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайту мәселесіне баса назар аударылды. 

Айта кету керек, екіжақты қатынастардың қолда бар әлеуеті инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын көрсетеді. 

Өз кезегінде ҚХР ҚР-дағы Елшісі екі елдің стратегиялық әріптестігі жоғары дамуға ие екенін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -