Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

737
Фотосурет: sectsco.org

Іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде болады. Аталмыш кеңес Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының қорғаныс министрі келеді деп күтілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -