Қазақстан және ИЫҰ: мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

357
Фотосурет: Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Берік Арын ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен ИЫҰ Хатшылығы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолдарын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады. 

Елші Б.Арын Қазақстанның ИЫҰ шеңберіндегі халықаралық бастамаларын, оның ішінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АҚИҰ) құруды, ғылым мен технологиялар бойынша «ИЫҰ-15 Диалог платформасын» іске қосуды және т.б. ұдайы қолдап келе жатқаны үшін Бас хатшыға алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Хиссейн Таха біздің елдің ИЫҰ-дағы маңызды рөлін атап өтіп, сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға үміт білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан басшылығының ғылым мен білім беруді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу мәселелеріне ерекше көңіл бөлуі ең жоғары бағаға лайық. Осы тұрғыда ол ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азаматтары үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуға 100 грант бөлу туралы шешіміне алғысын білдірді.

Кездесудің соңында тараптар Ұйымға мүше барлық мемлекеттердің игілігі үшін ИЫҰ мен Қазақстан ынтымақтастығының әлеуетін белсенді пайдалану бойынша бірлескен күш-жігерлерін жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -