ҚР Премьер-Министрі елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді

742



ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл елорда күніне орай пайдалануға беру көзделген Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені мен Қазақ драма театрының құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. 

Жеңіл атлетика спорт кешені халықаралық деңгейдегі ҚР-ның спорт инфрақұрылымының басты нысандарының біріне айналады.

Нысан Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында 9 га аумақтағы учаскеде салынып жатыр. Кешен 14 жүгіру жолы, ұзындыққа және сырықпен секіруге арналған секторлары бар атлетикалық ядро алаңынан, жолдарының ұзындығы 25 м, ені 11 м бассейннен, екі кіріктірілген жүгіру жолы бар көтергіш платформамен жабдықталған 5х5 м өлшемді бассейннен, 36 орынға шақталған спортшыларға арналған қонақ үйден, атлетикалық залдан, ұзындығы 160 м жүгіру жолы бар жаттығу трегінен, ядро лақтыру, биіктік пен ұзындыққа секіру секторларынан тұрады. Мінбелер 6838 орынға есептелген.

Қазақ драма театрының құрылысы А. Байтұрсынов, Ж. Нәжімеденов, Қ. Аманжолов және Сарыкөл көшелерінің арасындағы 6 га аумақтағы учаскеде жүріп жатыр. Ғимаратта 600 орындық үлкен зал, 200 орындық камералы зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы, гример бөлмесі және басқа да әкімшілік, техникалық, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар. 

Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. 

Нысандарды аралауға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Рамазанов және басқалары қатысты. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -