Қазақстанда жаңа автокөліктерді сату: ақпан айында қандай брендтер рейтингті басқарды

7313
Фотосурет: ИИ

 «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша ақпанда 11 495 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 803 жүк көлігі мен автобус сатылды, бұл былтырғы ақпанмен салыстырғанда 6,6% аз. Жалпы жыл басынан бері  23 542 автокөлік өткен, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 0,1% төмен көрсеткіш.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: Жыл басы 2023 жылғыдай сылбыр басталды, тек өнімі ең көп өткен он бренд тізімінде күтпеген өзгерістер бар. Дилерлер түрлі науқан өткізіп, ұсыныс жасауын жалғастырып жатыр.”

 Халық таңдауы көп түскен үздік он бренд көшін қыстың соңғы айында Hyundai (2 798; -18,9%, былтырғы ақпанмен салыстырғанда) бастады. Kia осы жолы 1 834 машина өткізіп, тағы екінші орыннан көрінді (+1%). 1 160 моделі иесін тапқан Chevrolet мықтылар үштігіне оралды. (-67,9%). Төртінші орындағы Chery дилерлері 1 046 көліктің кілтін тапсырды (+56,8%). 659 кроссовер сатқан Haval бесінші орынға тұрақтады (+87,2%). Содан кейін тізімде Jetour (544), Jac (517; +60,6%), Changan (493; +99,6%), Toyota (484; -44,6%) және Geely (425; +181,5%) тұр.

Аса танымал модельдер қатарында Hyundai Tucson (1644) алға шықты. Одан бөлек тізімге Chevrolet Cobalt (944), Kia Sportage (882), Chery Tiggo 2 (432), Hyundai Sonata (347), Haval M6 (314), Kia Cerato (294), Kia Ceed (259), Chery Tiggo 4 Pro (249) және Chery Tiggo 7 Pro (235) енді.

Екі ай қорытындысы бойынша Hyundai (5 918; +4,0%) жеңімпаз болды, екінші орын 3 065 көлік сатқан Kia еншісінде (-13,4%). Үшінші қатарға Chery (2 127; +65%) жайғасты. Chevrolet маркалы 1 963 автомобиль иесін тапты (-71,2%).  Үздік бестікті 1 270 машинасы өткен Jac түйіндеді (+131,3%).

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -