Жаңаөзендік ұландықтар жоғалған баланы ата анасына қайтарды

469
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің  әскери жасағы жарты сағат ішінде жоғалған төрт жасар баланы таба алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш оқиға 2024 жылғы 26 сәуірде сағат 20:00 шамасында орын алды, әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Дүкиев Біржанның рациясына өз үйінің ауласында ойнап жүрген төрт жасар баланың жоғалғаны туралы ақпарат түседі. Сол сәтте ақпарат дереу барлық қызметтер мен патрульдерге берілді.

Ақпаратты естіген  әскери жасақтар Жаңаөзен қаласының барлық шағын аудандары бойынша баланы іздей бастайды.

Сол күні кешке сағат 20:30 шамасында  патруль бастығы Андрей Шкуропат бастаған патрульдік топ, қатардағы жауынгерлер Ақылбек Айтқалиев және Жолан Нұрғиса мен бірге  ықшамаудандардың бірінде жылап отқан баланы байқайды. Бір минутқа да кідірместен балаға жақындап оның жоғалып кеткені туралы біледі.

Осылайша ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің сауатты және уақтылы іс-қимылдарының арқасында баланы, анасының қолына тапсырады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қырағылы және әскери борышын құлшыныспен орындағаны үшін әскери қызметшілер 5548 әскери бөлім командирінің құқықтарымен көтермелеуге ұсынылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -