Теңіз жағалауында әскери оркестр ән шырқады

400
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ақтау қаласында орналасқан  Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің әскери оркестрі теңіз жағалауында Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін музыкалық концерт  ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәдени іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Шара барысында ана туралы шығармалар мен патриоттық әндер шырқалды. Атап айтатын болсақ, "Анашым", "Батырлар ұраны", "Алға, қазақ жігіттері", "Елдің қорғаны"  сыңды әндер орындалды.

- Бұл біздің биылғы алғашқы концертіміз. Қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйін көтеру үшін теңіз жағалауында осындай кішігірім концерт ұйымдастырып отырмыз. Іс-шарада оркестрдің сүйемелдеуімен 15-тен астам халық әндері орындалды. Жиналған қала тұрғындары мен қонақтары  бізбен бірге ән айтып, қол шапалақтап, бізді одан әрі жігерлендіріп отырды. Мен мұны концерттің жоғары деңгейде өткенінің белгісі деп санаймын. Мұндай концерттер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын боламыз, - деді әскери оркестр дирижоры Аслан Мұқан.

Өз кезегінде концертке қатысқан қала тұрғындары әскерилерге алғыстарын жеткізіп, ыстық ықластарын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -