Қазақстанның екі облысында үшінші апта қатарынан азық түлік инфляциясы төмендеуде

361
Фотосурет: primeminister.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі өткен аптада -0,1%-ды құрады. Айдың басынан бастап барлығы: -0,3%. Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен сенбі күні, 27 сәуірде өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Азық-түлік бағасының төмендеуі 10 өңірде тіркелді, оның ішінде Ақмола және Жамбыл облыстары үш апта қатарынан осындай нәтиже көрсетіп келеді. Жеті облыста өсім болған жоқ, үшеуінде 0,1%-ға өсім тіркелді» Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова

Жұмыртқа (1,8%), қарақұмық (1,3%), ұн (0,7%), күріш (0,6%), күнбағыс майы (0,4%), тұз (0,3%), сүзбе және пияз (0,1%) бағаларының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар қырыққабат пен сәбіз бағасының маусымаралық қымбаттауымен қатар, бір аптада сары май бағасының өсуі (0,5%) тіркелді. Алайда мамыр айында сүт өндірісінің ұлғаюы тек майдың ғана емес, басқа да сүт өнімдерінің бағасының тұрақтануына оң әсер етуі тиіс.

Бұған қоса, кеңесте су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрақтандыру қоймаларының қорлары мониторингінің нәтижелері тыңдалды. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта ӘКК-де жалпы көлемі 284,9 мың тонна ӘМАТ негізгі түрлерінің қоры бар. Барлық облыста жұмыс топтары құрылды, көкөніс қорларына ревизия жүргізілді. Су басқан өңірлерге азық-түлік жеткізуде кідірістер байқалмайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірде маусымаралық кезеңнің шарықтау тұсында бұрынғы қорларды босатып, пайдалану және жаңа өнімдерді қабылдауға уақытылы келісімшарт жасау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -