BMO: қазақстандық оқушылар математикалық олимпиадаға қатысады

282
Фотосурет: t.me/oqu_agartu

Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.

📎 Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғауда:

  • Мирон Юркевич – Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы;
  • Даутов Жан – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Сахипов Амир – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • Аманжолов Амирлан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • Мұрат Тимур – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - ағымдағы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -