Ұландықтар әлем чемпионы атанды

534
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында (Түркия Республикасы) ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері унифайттан ересектер мен жастар арасындағы Әлем Кубогына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған Хорватия, Швейцария, Нидерланды, Солтүстік Македония, Италия, Израиль, Венгрия және басқа елдердің спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 75 кг салмақ дәрежесінде 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімінің офицері лейтенант Әзімжон Кубонбоев алтын медаль жеңіп алды, ал 65 кг салмақ дәрежесінде 6506 (Шымкент қ.) әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Алкен Төлегенов 1 орынды иеленді.

"Әлем кубогына қарсыластар өте жақсы дайындықпен келген және кілең мықты спортшылар екенін айтып өткім келеді. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Сәденовке және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Советбекұлы Ботақановқа еліміздің атынан халықаралық деңгейде өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді" Майор Алкен Төлегенов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -