Сыр елі ұландық жауынгерлерді салтанатты түрде қарсы алды

724
Фотосурет: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Бүгін Батыс Қазақстанда облысында су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын ойдағыдай орындап келген ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін бөлім басшылығы, әріптестері, сондай-ақ жақындары мен туыстары теміржол вокзалының перронында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы сәт екі аптадан астам уақыт бойы әкелерін көрмеген әскери қызметшілердің балалары үшін өте әсерлі болды. Көптеген балалар әкелерінің құшағына жеткенде қуаныштан көз жастарын ұстай алмады. Бұл бүлдіршіндердің үйде оларсыз қаншалықты сағынғанын көрсетті.

Әскери техника колоннасы бөлім аумағына жеке құраммен кіргеннен кейін, бірінші болып бөлім командирі жауынгерлерді құттықтады.

- Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан қатарында қызмет ету – қоғаммен жоғары бағаланатын, әр азаматтың мәртебелі міндеті, бұл – халықтың әскери қызметшілерге, бейбіт еңбекті қорғаушыларға деген сенімі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы елдегі тұрақтылықты сақтауға, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді. Оның абыройлы және асқақты күш екендігі елімізде орын алған төтенше жағдай – су тасқыны кезінде тағы бір дәлелденді. Ел басына күн туған сәтте орын алған күрделі жағдайда анттарыңа адал болып, бүгінгі күннің ерлері мен батырлары осы саптың ортасынан суырылып шығып, елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға жан аямай күрестіңіздер, - деп сөз сөйлеген бөлім командирі подполковник Ерген Бастамиев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан әскери қызметшілерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Және қойған тапсырманы ойдағыдай орындап келген жеке құрамға алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне де шыдамдылық пен табандылық танытқаны үшін шын ризашылығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 11 сәуірден бастап әскери бөлімнің жеке құрамы Батыс Қазақстанда облысындағы Юннатов, Зачаганск, Старички елді мекендердегі су тасқынының алдын алу бойынша міндеттерді орындады. Круглозерный кентінде құм толтырылған қапшықтарды дайындауға және жағалауға төсеуге көмектесті. Сондай-ақ тонауға жол бермеу үшін елді мекендердің көшелерінде патрульдік-бекеттік қызмет атқарды.   

Айта кету керек, құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері Қазақстан Респкбликасы ІІМ қойған міндетті лайықты орындады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -